Бас мәзір

Жедел жағдай

2019
Мамыр
MoTuWeThFrSaSu
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

 

Департаменттің сенім

телефоны

8(7132) 54-50-25

Өзіндік қауіпсіздік

тобының сенім телефоны

8(7132) 55-00-30

БІРЫҢҒАЙ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
1402

Интерактивті сұрақ

Сіз біздің ұйым жұмысының нәтижелерін қалай бағалайсыз?
 

Авторизациялау



Есептегіш

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1148
mod_vvisit_counterКеше5724
mod_vvisit_counterБір аптада1148
mod_vvisit_counterБір айда71349
mod_vvisit_counterӨткен айда126079
mod_vvisit_counterБарлығы5409336

ban kaz

Жаңалықтарға жазылу

Сайт бойынша iздестiру

prezident
 
 
 
resizei
kyzmet
 

 

 

 

 

 

 

kabildau

   

Негізгі бет
Терроризммен күрес PDF Басып шығару E-mail

17.05.2019

Борьба с терроризмомТерроризммен күрес

Өңірлік оқыту орталығында Орталықтың жеке және ауыспалы құрамы мен кіші басшы құрамды қайта даярлау курстары тыңдаушыларының (жоғары техникалық білім негізінде) қатысуымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің және Ақтөбе облысының дін істері басқармасының «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ақтөбе облысының ҰҚКД АТО бөлімі бастығының орынбасары майор Е.С.Лукпанов, ақпараттық-талдау тобының мүшесі Н.А.Панаев террозимге қарсы іс-қимылдың негізгі әдістерін түсіндірді.
Сонымен қатар, Өрт сөндіру қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры К.К. Сариев сөз сөйледі. Ол терроризм қатері дабылы түскен кезде жасалатын негізгі іс-қимыл жөнінде айтып берді.
Сонымен қатар, олар бейне-фильмдер көрсетіп, тыңдаушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

 
Суға батушыларды құтқару – суға батушылардың өз қолынан келетін іс PDF Басып шығару E-mail

17.05.2019

Спасение утопающих – дела рук самих утопающихСуға батушыларды құтқару – суға батушылардың өз қолынан келетін іс

Жаз – біздің балалар үшін көңілді және жайбарақаттық кезеңі. Ата-аналар өте мұқият болу керек, өйткені демалыс орындарында әр түрлі қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан жазғы демалыста қауіпсіздік ережесімен танысу барлық ата-аналар үшін өте маңызды. Айтпақшы, олар туралы балаларға да айтқан жөн. Бұл тек мектепке дейінгі балалардың жаздағы қауіпсіздігі туралы ғана емес. Орта және жоғары сынып оқушылары демалыс кезінде көп ақымақтық жасайды және өзінің ағзасына зиян келтіреді.
Суға шомылу маусымының басталуына байланысты Ақтөбе қаласы ТЖ басқармасы қалалық Филармония ғимаратында білім беру бөлімінің басшысы С. С. Сулейменовтің қатысуымен «2019 жылдың шомылу кезеңінде Ақтөбе қаласының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналысқа қала мектептерінің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру 120 мұғалімі қатысты.
Өз сөзінде Ақтөбе қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.С. Жанабергенов қатысушыларға соңғы 5 жыл ішіндегі судағы қайғылы оқиғалардың талдауын жеткізді, суға батқан адамдардың ең көп саны өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының күзетілмейтін учаскелеріне келеді. Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері азаматтардың міндетті ережелерді өрескел бұзуы болып табылады: күзетілмейтін учаскелерде өзендер, көлдер және басқа да су қоймаларында шомылу, балалар мен кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдыру, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу және жүзе алмау.
Жиналыс барысында, Ақтөбе облысының ТЖД «ЖҚЖ» ММ мамандары «Суға батқан адамды құтқару кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Жиналыс соңында әр қатысушыға жадынамалар таратылды.

 
Ерікті өртке қарсы құрылымдарының оқу-жаттығуы PDF Басып шығару E-mail

16.05.2019

Ерікті өртке қарсы құрылымдарының оқу-жаттығуыЫрғыз ауданының ерікті өртке қарсы құрылымдарының оқу-жаттығуы

Ағымдағы жылдың 12-14 мамыры аралығында Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 7 ауылдық округтің (Ырғыз, Құмтоғай, Қызылжар, Нұра, Тәуіп, Аманкөл, Жайсанбай) ерікті өртке қарсы құралымдарымен оқу-жаттығу өткізді.
Көптеген ауылдық округтерде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ екенін ескерсек, өртпен табысты күрес көбінесе ерікті өртке қарсы құрылымдардың дайындығына байланысты.
Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – ЕӨҚ мүшелерін құлақтандыру және жинау тәртібін пысықтау, техника мен құрал-саймандардың дайындығын тексеру, дала өрттерін сөндіру бойынша іс-қимыл жасау тәртібі болып табылады.
Дала өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өрт сөндіру құралдарын (аспалы өрт сөндіргіштер, сапалақтар, күректер және т.б.) және техниканы (соқасы бар тракторлар, суды жеткізу үшін тіркемелі сыйымдылықтар, мотопомпалар) қолдана отырып өткізілді.

 
Ақтөбеде облыстық чемпионат өтті PDF Басып шығару E-mail

15.05.2019

В Актобе состоялся областной чемпионат Ақтөбеде жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтті

Ағымдағы жылдың 13-14 мамырында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қалалық және аудандық бөлімшелерінің құрама командалары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтті.
84 жас спортшы екі күн ішінде ӨСҚС 3 түрі: оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу, өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю бойынша жарысты. Чемпионатқа барлығы 14 команда қатысты.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын танымал ету, жасөспірімдерді өрт-құтқару спортымен айналысуға тарту және оларды республикалық жарыстарға қатыстыру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру болып табылады.
Чемпионаттың бірінші күніндегі жарыс Ақтөбе қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы жаттығу мұнарасының 2-ші қабатындағы терезеге шабуыл сатысымен көтерілу өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өтті. Барлық командалар тамаша спорттық дағдылар мен ептілікті, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар командалық есепте келесі тәртіпте қорытындыланды:
1 орын – Ақтөбе қаласы №3 МӨСБ жасөспірімдер командасы.
2 орын – Әйтеке би ауданы №7 ӨСБ жасөспірімдер командасы.
3 орын – Ақтөбе қаласы №4 ӨСБ жасөспірімдер командасы.
Жеке сынақта:
1 орын – Шакенов Нұрсұлтан – Әйтеке би ауданындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (7,89)
2 орын – Исламғалиев Байболат - Шалқар қаласындағы №8 орта мектептің 11 сынып оқушысы (8,19)
3 орын – Самалханұлы Жанболсын - Әйтеке би ауданындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (8,31)
Чемпионаттың екінші күні де қызықты болды. 14 мамыр күні Қобда ауданының орталық стадионында өрт сөндіру эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаюдан тұратын жарыстың кезекті кезеңі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
4х100 эстафета бойынша үздік үштікке ие болғандар:
1 орын – Мәртөк ауданы №11 ӨСБ жасөспірімдер командасы.
2 орын – Мұғалжар ауданы №12 ӨСБ жасөспірімдер командасы.
3 орын – Ойыл ауданы №14 ӨСБ жасөспірімдер командасы..
Жауынгерлік қанат жаюдан мықты деп танылғандар:
1 орын –Ойыл ауданы №14 ӨСБ жасөспірімдер командасы.;
2 орын –Мәртөк ауданы №11 ӨСБ жасөспірімдер командасы.;
3 орын –Байғанин ауданы №8 ӨСБ жасөспірімдер командасы..
Жалпыкомандалық есепте жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионатта Ойыл ауданы №14 ӨСБ жасөспірімдер командасы жеңімпаз боп танылды. Екінші орынды Мұғалжар ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің балалары, ал үшінші орынды Байғанин ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінің өкілдері иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз спортшылар мен командалар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

 
Бірге бақыттымыз PDF Басып шығару E-mail

15.05.2019

Счастливы вместеБірге бақыттымыз

Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын мереке Халықаралық Отбасы күні жыл сайын 15 мамыр күні атап өтіледі. Бұл 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында жарияланған салыстырмалы түрде жас мереке болып табылады.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең басты құндылық. Берік және бақытты отбасын құру үшін жүрегіңнің жартысын кездестіру бәріне бірдей оңайға соқпайды. Бүгін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының Өрт байланысы орталық пунктінің аға диспетчері азаматтық қорғау подполковнигі Айман Қүміспаеваның отбасы туралы айтқымыз келеді.
Жиырма жылдан астам уақыт бұрын олар №2 өрт сөндіру бөлімінде кездескен, отағасы ол кезде Алматы жоғары техникалық училищесінің түлегі, жас лейтенант, қарауыл бастығы болса, Айман ішкі қызметтің қатардағы қызметкері, радиотелефонист болатын. Бір қарауылда жұмыс жасай отырып, кезекшілікке де тұрды, біртіндеп бір-біріне көңіл бөліп, араларында қарым-қатынас орнай бастады. Әрі қарай бұл қарым-қатынас өртке қарсы қызмет саласының мамандары қатысқан үйлену тойына ұласты.
Қазіргі таңда Күміспаевтар отбасында төрт ұл тәрбиеленуде. Олар ата-анасының мақтанышы, үміті мен тірегі, болашақ отан қорғаушылары. Үлкен ұлы Арман – Орынбор мемлекеттік университетінің студенті, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер. Екінші ұлы Бауыржан - футболмен шұғылданады. Үшінші ұлы - бірінші сынып оқушысы Бекзат, кардиохирург болуды армандайды. Кішісі болса әзірше айналасын енді танып келе жатқан сәби.
Ұзақ жылдар бойы бірлесе тұрғызған шаңырақта бұл үлкен отбасы жақында қонақтарына есігін айқара ашпақ. Күміспаевтар отбасында барлық дәстүрлер сақталады, астарын дайындап, кіші ұлдары тағатсыз күтетін отбасылық мерекелері де бар. Мұндай мерекелер отбасындағы ұмытылмас оқиғаға айналады.
Күміспаева Айман Әзімбайқызы – отбасының сақтаушысы, оның шаңырағы әрдайым жылы әрі жайлы, отбасы – оның өмірінің мәні.
«Нағыз бақыт – отбасындағы бейбітшілік пен тыныштық. Мен осындай отбасым барына шексіз бақыттымын!», - дейді ол.

 
«Дәрмен» өрт сөндіргіші PDF Басып шығару E-mail

14.05.2019

«Дәрмен» өрт сөндіргіші Ырғыз ауданында«Дәрмен» өрт сөндіргіші Ырғыз ауданында

2019 жылдың 10 сәуірі мен 15 мамыр аралығында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің облыс аумағында «Өзің біліп, басқаларды үйрет!» тақырыбында акция жариялады.
Аталған акцияның кешенді іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен «Өрт сөндірігіш Дармен» атты мультипликациялық өрт сөндіргіштің макетін жасалды.
Ағымдағы жылдың 9 мамыр күні адамдар жаппай көп орналасқан жерлерде «Дәрмен» өрт сөндіру құралы өрт қауіпті маусым, суға шомылу маусымы тақырыптары бойынша жадынамаларды таратып, сонымен қатар өрт қауіпсізідігі ережелері туралы түсіндірді.
«Дәрмен» өрт сөндіру құралының мақсаты – ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, оның ішінде балаларға алғашқы өрт сөндіру құралдарын таныстыру, өрттердің алдын алу және оларды болдырмау.

 
Облыстық чемпионат басталды PDF Басып шығару E-mail

13.05.2019

В Актобе стартовал областной чемпионат по пожарно-спасательному спорту среди юношейАқтөбеде жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат басталды

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қалалық және аудандық бөлімшелерінің құрама командалары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат басталды.
Чемпионат спорттың 3 түрі бойынша екі күнге созылады: оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу, өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын танымал ету, жасөспірімдерді өрт-құтқару спортымен айналысуға тарту және оларды республикалық жарыстарға қатыстыру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру болып табылады.
Жарысқа 84 адамнан құралған 14 команда қатысады.
Чемпионаттың бірінші күніндегі жарыс Ақтөбе қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы жаттығу мұнарасының 2-ші қабатындағы терезеге шабуыл сатысымен көтерілу өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өтті.
Барлық командалар тамаша спорттық дағдылар мен ептілікті, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар командалық есепте келесі тәртіпте қорытындыланды:
*1 орын – Ақтөбе қаласы №3 МӨСБ жасөспірімдер командасы.
*2 орын – Әйтеке би ауданы №7 ӨСБ жасөспірімдер командасы.
*3 орын – Ақтөбе қаласы №4 ӨСБ жасөспірімдер командасы.
Жеке сынақта:
*1 орын – Шакенов Нұрсұлтан – Әйтеке би ауданындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (7,89)
*2 орын – Исламғалиев Байболат - Шалқар қаласындағы №8 орта мектептің 11 сынып оқушысы (8,19)
*3 орын – Самалханұлы Жанболсын - Әйтеке би ауданындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (8,31)

Өрт сөндіру эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар 14 мамыр күні Ақтөбе облысы Қобда ауданының орталық стадионында өтеді.

 
Әлия – біздің мақтанышымыз! PDF Басып шығару E-mail

13.05.2019

Алия – наша гордость!Әлия – біздің мақтанышымыз!

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өңірлік Оқыту орталығында кіші басшы құрамын қайта даярлықтан өткізу курсында оқып жатқан тыңдаушыларға Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия – батыр қызы сен халқымның» атты шара өткізілді.
Бұл шараға «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты №11 Құрашасай селолық модельді кітапханасының меңгерушісі Баймуханова Әлия Амантайқызы және №58 Құршасай орта мектебінің кітапханашысы Сандуғаш Ақдәулетқызы шақырылған болатын.
Кітапханашылар Әлия өмірі туралы бейнероликтер мен "Снайпер"фильмінен үзінділерді қолдана отырып, толық мағлұмат беруге тырысты. Әлия Амантайқызы «Қызы батыр ел - ұлы ел» атты баяндама жасады және Өңірлік оқыту орталығының кітапханашы Іңкәр Төребекқызы «Қазақтың батыр қызы» тақырыбында слайд көрсетті.
Шара аясында «Әлияның ерлігі ұмытылмайды» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Соңында №58 Құршасай орта мектебінің кітапханашысы Сандуғаш Ақдәулетқызы барлық тыңдаушыларды келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтап, өздеріне жүктелген үмітті ақтап, офицер погонын иеленуді тіледі.
Іс-шара шын ықыласты жағдайда өтті. Қатысушылар соғыс уақытындағы атмосфераға бой алдырып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайсарлығы, батылдығы мен ерлігі туралы білімдерін арттырды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

1 -парақ, барлығы 228